Экспедиция в Жанаозен

Участники экспедиции «От моря до моря», которая является пятой по счету из серии экспедиций, организованных в рамках проекта «Ұлы Дала Eліне саяхат» Национальной компанией «Kazakh Tourism», прибыли в город Жанаозен.

Экспедиция «От моря до моря» включает знакомство с природными и археологическими памятниками, расположенными на огромной территории между Аральским и Каспийским морем. В Кызылординской области участники экспедиции побывали на озере Камбаш и Аральском море. Далее они направились в поселок Бейнеу в Мангыстауской области.
Они имели возможность увидеть удивительный пейзаж, который создается преимущественно двумя цветами: белым – соль и известняк и синим – небо в хорошую погоду. Это сор Тузбаир, который расположен на востоке от Западного чинка Устюрта, на юге от автодороги Актау – Бейнеу.
После этого экспедиция выдвинулась в сторону долины Бозжира – это живописный обрыв плато Устюрт, оформленный меловыми горами и шпилями останцевого происхождения. Самый известный из этих шпилей тянется к небу, напоминая собой форму двух клыков. Ослепительно белые фантастической красоты пейзажи в полной мере позволяют ощутить величие окружающего мира.
«Босжира — это удивительной красоты место в Мангистауской области, которое из-за отсутствия зелени больше напоминает лунную поверхность. Здесь находится большое количество мечетей, различных исторических и культурных мест, которые вызывают интерес со стороны туристов» — отметил Устадов Жалгас Адыкануы — директор Устюртского заповедника.
Мангыстауская область помимо природных красот богата и на природные ресурсы. До 25 % всей нефти Казахстана добывается именно здесь. Жанаозен – один из городов в регионе, который возник в бескрайней степи благодаря разработке нефтяных месторождений.
Далее наша экспедиция направится в «долину замков» Айракты-Шоманай, посмотрят легендарную гору Шеркала, на вершине которой когда-то располагался город-крепость, охраняющий караванные дороги Великого Шелкового пути. После чего их ждет поездка в урочище Капамсай, которое расположено в Кремниевой долине Мангистау. На дне русла пересохшей реки, которая протекала когда-то между двух больших меловых отвесных скал, расположилась зеленая роща с огромными вековыми деревьями.
В районе залива Сарытас они посетят еще одну достопримечательность края – подземную мечеть Султан-Упе. Это комплекс из нескольких помещений, вырубленных в скале, считается одним из древних святилищ, куда и по сей день приходят паломники.
Следующий природный памятник в маршруте путешественников – огромный геологический оползень, возникший в результате подмочки глинисто-песчаной подушки, на которой покоился пласт известняка – обрыв Жыгылган. Здесь бескрайняя степь внезапно обрывается отвесной стеной, высота которой местами достигает 50 метров. Отсюда участники экспедиции поедут к берегам Каспийского моря в г. Актау.
Напомним, проект «Ұлы Дала Еліне саяхат» реализуется по заказу Комитета индустрии туризма Министерства культуры и спорта, в рамках празднования 20-летия столицы Республики Казахстан – города Астана, а основным организатором является Национальная компания «Kazakh Tourism».
В рамках проекта остается завершающий шестой «Новый Шелковый путь», который охватит территорию Туркестанской, Жамбылской, Алматинской областей. В этом маршруте примет участие команда телеканала National Geographic Россия.

Туристік экспедиция мұнайшылар қаласы – Жаңаөзенге жетті

«Ұлы Дала Eліне саяхат» жобасы шеңберінде «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы ұйымдастырған экспедициялар сериясының бесіншісі — «Теңізден теңізге дейін» экспедициясына қатысушылар Жаңаөзен қаласына келді.
«Теңізден теңізге дейін» экспедициясы Арал және Каспий теңіздері аралығындағы табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштерімен танысуды көздейді. Экспедиция Қызылорда облысындағы Қамбаш көлі мен Арал теңізінен басталды. Содан соң, Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылына барды.
Бейнеуден асқан соң Үстірттің Батыс шыңынан шығысқа қарай орналасқан Тұзбайыр сорына жетіп, экспедиция мүшелері тұз бен әктің ақ түсі мен ашық аспанның көк түсінен тұратын таңғажайып пейзажды көру мүмкіндігіне ие болды.
Кейін экспедиция Тұзбайырдан шығып, Бозжыра алқабына бет алды. Бозжыра – борлы таулармен және қалдық таулардың сүмбісімен безендірілген Үстірт жотасындағы ең көрікті жарқабақ. Осы сүмбілердің ішіндегі ең танымал екеуі азуға ұқсап, көкке шаншылып тұрады. Көз қарықтыратын кіршіксіз ақ түстің сұлулығынан қоршаған ортаның ұлылығын сезінуге болады дейді экспедицияға қатысушылар.
«Бозжыра — Маңғыстау облысындағы ең әдемі жер, шөп өспейтіндіктен, бұл жер айдың бетіне өте ұқсас. Мұнда туристерді қызықтыратын көптеген мешіттер, әртүрлі тарихи және мәдени орындар бар», — деді Үстірт қорығының директоры Устадов Жалғас Адықанұлы.
Маңғыстау облысы табиғи сұлулыққа қоса, жер асты ресурстарына да өте бай өлке. Қазақстан мұнайының 25%-ы осында өндірілетіні белгілі. Жаңаөзен – мұнай кен орындарының ашылуы нәтижесінде салынған қалалардың бірі.
Бұдан ары экспедициямыз Айрақты-Шоманай «қорғандар алқабына» барып, кезінде шыңында Ұлы Жібек жолының керуендерін күзеткен қорған салынған, бүгінде аңызға айналған Шерқала тауын тамашалайды. Содан кейін Маңғыстаудың Кремний алқабындағы Қапамсай шатқалына ат басын бұрады. Бір кездері екі үлкен борлы шыңның арасымен ағып жатқан, бұл күнде тартылып қалған өзен аңғарында ғасырлық ағаштар өскен тоғай бар.
Сарытас шығанағы маңына жете бере экспедиция құрамы осы өңірдегі тағы бір ерекше орын – Сұлтан-Үпі жер асты мешітіне соғады. Бұл шыңға ойып салынған, бірнеше бөлмеден тұратын кешен. Мешіт ең көне ғибадатхана болғандықтан, мұнда мінәжат етушілер әлі күнге дейін келіп тұрады.
Саяхатшылардың жолындағы тағы бір табиғи ескерткіш – сазды-құмдақтың сулануы нәтижесінде пайда болған геологиялық орасан шөккін – Жығылған ойпаңы. Ұшы-қиырсыз дала күтпеген жерден үзіліп, кей жерлерде биіктігі 50 метрге дейін жететін жарқабақ көруге болады. Осы жерден экспедиция қатысушылары Каспий теңізінің жағалауынадағы Ақтау қаласына қарай жол тартады.
«Ұлы Дала Еліне саяхат» жобасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша, Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын атап өту шеңберінде жүзеге асырылып жатқанын, ал негізгі ұйымдастырушы «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы екенін естеріңізге саламыз.
Жоба аясында соңғы алтыншы бағыт «Жаңа Жібек жолы» қалып отыр, ол Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының аумағын қамтиды. Бұл бағытқа National Geographic Ресей телеарнасының командасы қатысады.
____________________________________________________________

Анықтама:
«Ұлы Дала Еліне саяхат» жобасы Қазақстан аймақтарына жасалатын ең ірі экспедиция. Экспедиция 2018 жылғы 18 шілдеден бастап 29 қыркүйек аралығында 6 бағыт бойынша 6 туристік кластерді қамти отырып, маңызды табиғи нысандарға бару арқылы жүргізіледі. Экспедициясының мақсаты – жаңа туристік бағыттарды жасау үшін табиғи, тарихи, киелі мекендері зерттеу, ішкі туризм мен инфрақұрылымды дамыту, және туған елді зерттеу. Оған қоса, экспедиция туралы материалдар Қазақстанның туристік дестинация ретінде танылуына және халықты ішкі туризмге тартуға ықпал етеді. Экспедиция нәтижесінде еліміздің табиғи нысандары бойынша жаңа туристік бағыттар, сапалы фото-және видеобанктер құрылады, олардың қазіргі күйі туралы өзекті ақпарат алынады, иллюстрацияланған жолнұсқа жасалатын болады.
«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2017 жылы шілдеде құрылған. Компанияның негізгі міндеттері еліміздің туристік әлеуетін шетелде насихаттау, сонымен қатар Қазақстанның туристік саласына инвестиция тарту.

Написать ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *